Тотағай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тотағай, Татағай, Ботағай, Бытығай – ортағасырлық қаланың орны. Ақмола облысы Қорғалжын көлінен 30 км жерде, Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан. Алғаш 18 ғасыдың басында кенші-инженер П.И. Шангинмен топограф Г.И. Спасский тауып, картаға түсірген. 20 ғасырдың 70-жылдары Ә.МарғұланТотағай туралы мәлімдеме жасаған. Спасский: “Қорғалжын көліне жақын жерде Тотағай қаласының қираған орны бар. Ондағы ғимараттар ежелгі сән-салтанатын сақтаған. Сол маңда басқа да ежелгі ескерткіштер көп” – деп жазған. Қаланың орны Қорғалжын ауылының астында қалған.

Ауылдың солтүстік-шығыс шетіндегі Тотағайға қатысты кішігірім төбешікке 2000 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археологиялық отряды қазба жүргізді. Қазба барысында аумағы 30 м, биктігі 1 – 1,2 м төбенің астында болған дөңгелек құрылыс шықты. Бөлмелері қабырғаның ішкі жағын жағалай орналасқан құрылыс тастан қаланған. Бірақ кішкене көлемдегі бөлмелердің бастапқы жобасы сақталмаған. Бөлмелердің ішінде күнделікті тұрмыстық қажетке қолданатын құрылыс қалдықтары (ошақ, сыпа, ташнау) болмағанына қарап, бұл ғұрыптық мақсатта салынған ғимараттың орны деген қорытынды жасалды. Қазбадан шыққан ортағасырлық үлгідегі күйдірілген кірпіштің бетіне арғын руының түйіскен екі дөңгелектен тұратын таңбасы тырнап салынған. Ескерткіштің уақытын анықтайтын осыдан басқа зат табылған жоқ. Құрылыстың солт. шетінде 11 – 12 ғасырлардың кесенесі болған. Кесене 19 ғасырға дейін тұрған. Кейіннен жергілікті адамдар бұзып, кірпішін пайдаланған. Оның жобасы мен суретін алғаш Спасский, кейін Ш.Уәлиханов қағазға түсірген. Бұл кесене осы өңірді билеген қыпшақ ақсүйектерінің бірінің басына тұрғызылған ескерткіш болса керек.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}