Торғын Жылқышықызы Тасыбекова
Үлгі:Театр қайраткері Торғын Жылқышықызы Тасыбекова (15 тамыз 1938 жыл, Іле ауданы, Алматы облысы — 18 маусым 2024 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актриса, Қазақстан халық әртісі (1991), Парасат және Құрмет ордендерінің иегері және Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Өмірбаяны
Торғын Жылқышықызы Тасыбекова 1938 жылғы 15 тамызда Алматы облысының Іле ауданындағы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Сарыүйсін руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факултетін (халық артисі, профессор Асқар Тоқпановтың классын) бітірген.
1961 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін қара шаңырақта қызмет етеді. Осы театрда алғаш ойнаған рөлі — М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абай трагедиясындағы» Мағыш. Торғын әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы сахналық-орындаушылық өнерімен көрермендер ілтипатына бөленді.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Актриса ойнаған рөлдері қатарында Жансұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, «Беу, қыздар-ай»), Айбала (Ә.Тәжібаев, «Той боларда»), Баян (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»), Әйгерім (Б.Римова, «Абай — Әйгерім»), Ақбала (Әуезов, «Қарагөз»), Әлиман, Бекей (Ш.Айтматов, «Ана — Жер-ана» мен «Ақ кеме»), Луфти (С.Ахмад, «Келіндер көтерілісі»), Лаура (А.С. Пушкин, «Шағын трагедиялары»), Корина (Ф.Эрве, «Түлкі бикеш»), Марселла (Лопе де Вега, «Қызғаныштан махаббат»), Бьянка (У.Шекспир, «Асауға тұсау»), т.б. бар. Торғынның актерлік өнері лирикалы-драм. бояуы молдығымен, айшықты, сыңғырлаған сөз сазымен, әдемі сахналық қимыл-қозғалысымен ерекшеленеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Марапаттары
- Парасат ордені (2016)
- Құрмет ордені (2006)
- Қазақстан президентінің қолынан Қазақстан халық әртісі (1991)
- Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі
- ҚР тұңғыш президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі мерейтойлық медалі (2020)
Жеке өмірі
Жары — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері (1968–2001 жылдары), Қазақстанның халық әртісі Әшірәлі Кенжеұлы.