Торғай свастикасы геоглифі
Торғай свастикасы геоглифі – Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Амангелді ауданы, Үрпек ауылы маңы.
Кезеңі
Шамамен б.з.б. VІІІ-ІІ мыңжылдықтар аралығы.
Тарихи деректер
«Торғай свастикасы» 2007 жылы Google Earth бағдарламасының ресурстары арқылы ашылған Торғай геоглифтер кешенінің бөлігі болып табылады. 2007 жылдың көктемінде Торғай аймағының ғарыштан түсірілген суреттерін зерттеу барысында тағы екі ірі нысан табылды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін жеті ұқсас нысан табылды: шаршы, крес тәріздес үш сан, 25 қорғаннан тұратын сақина, екі нысан қорғандар тізбегі түріндегі сызықтарды білдіреді.
Ғалымдардың пікірінше, 90 м-ден астам диаметрі бар үлкен үшбұрышты белгі басқасына қарағанда мәнерлі көрінеді.
«Торғай трикветрі» немесе «Торғай үш шоқты белгісі» бұл нысан қазірде үш бұрыштық төбе белгі түрінде орналасқан. Үш шоқтың әрқайсысының соңы перпендикулярлы 5-тәрізді «өсінді» түрінде кеңейе түседі, бұл төбелер тікелей жер бетінде құс ұшар биіктіктен ғана толық көрінеді.
Нысанның оң жағында диаметрі 15-тен 33 м-ге дейінгі аласа қорғандар түрінде тағы жеті төбе бар.
«Ащытасты крестер геоглифі» жағдайындағыдай нысанның салыну мақсаты мен жаратушылары белгісіз.
Жергілікті тұрғындар арасында бұл аймақ, әсіресе геоглифтердің орналасуы геопатегендік аймақтар деп саналады. Кейбірі оларды белгілі бір нанымдар мен ырымдармен байланыстырады, дегенмен пікірлер әрқилы: оларды кейбіреуі күш орындары десе, басқалары бақытсыздық әкеледі деп санайды.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>