Торий кентастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торий кентастары– құрамында өндірісте бөліп алу экономикалық жағынан тиімді болатындай мөлшерде торийі бар минералды шикізаттар. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі торийдің кларкы 1,210–3%. Торийдің өз минералдары мен торийлі минералдардың жалпы саны 120-ға жуық. Оның ішінде өндіріс үшін маңыздылары: монацит, торит, ураноторит, ферриторит, торогуммит, торианит, ураноторианит, эвксенит, браннерит, уранинит, бреггерит, пирохлор, т.б. Жеке торий кен орындары кездеспейді, Th кешенді полиметалл кентастарынан (Nb, Ta, Zr, U, радиоактивті жер элементтерімен бірге, т.б.) бөліп алады. Торий кентастарының кендері магмалық, мигматиттік, пегматиттік, карбонатиттік, пневматолиттік-гидротермалдық, элювийлік, құрлықтық-шөгінділік, теңіздік-шөгінділік, көмілген қорымдық, метаморфогендік болып бөлінеді. Торий кентастарының басты көзі – теңіз жағалауының шөгінділері. Олардың мөлшері үлкен, ұзындығы жүздеген км-ге, ені бірнеше км-ге созылған болып келеді. Бұлар Торий кентастарының 20%-ын құрап,7 – 9,2% торийі бар қоры 4 млн. т-ға жетеді. Торий кентастарының екінші маңызды түрі – жұмырланған кварц сынықтарынан тұратын көне конгломераттар. Кентасты конгломераттар архей дәуірінде пайда болған тау жыныстары арасында қабаттар түзеді. Торий кентастарын өндірістік типтерге бөлу кезінде: карбонатиттерге – 40%, желілі кен орындарына – 31%, сілтілі интрузияларға – 4%, кварцты конгломераттарға – 4% және басқаларына – 2% үлестен келеді. Торий кентастары магн сепарация, флотац. әдістермен байытылып, ТїО2 концентраты алынады. Торий өндіруде аллювийлік, теңіз жағалық шашылымдардағы моноцитті құмдардың маңызы зор.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 8 том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}