Тор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тор (сетка; grid) — ұяшықтың немесе регистрдің екілік пішімі. Тор, ұяшық, элемент (клетка, ячейка, элемент; cell; сетка; mesh) —

  1. электрондық кестедегі негізгі бірлік; бағана мен жолдың қиылысқан жеріндегі тік төртбұрыш. Ұяға мəтінді, мəндерді (сандарды) жөне формулаларды енгізуге болады;
  2. жад ұяшығы;
  3. интерфейстік тақшаға арналған орын;
  4. компьютерлік графикада — графиктік объектінің бетін көпбұрыштарға (көбінесе үшбұрыштарға,

төртбұрыштарға немесе квадраттарға) бөлу. Мəліметтерді түрлендіру немесе қайта түрлендіру операцияларын жылдамдату үшін пайдаланады. Excel кестелік процессорында, мәліметтер базасында осындай торлар қолданылады. Кесте ұяшықтарының шекарасын белгілейтін тор сызықтары параққа басылмайды. ЕхсеӀ-де тор сызықтарын экранда көрсетпеу, яғни жасыру үшін "Кесте" менюіндегі торды жасыру командасын таңдау керек.

Тор топология

"Тор'" топологиясы (Топология «Сетка»; mesh) — желідегі барлық түйіндер арасында өзара тікелей байланысы бар сызба-құрылым. Ақырғы пунктке жететін көптеген жол құруға мүмкіндік береді. Бұл желінің жұмыс істеу орнықтылығьін арттырады жəне мəліметтер жеткізудегі кідірісті қысқартады. Бірақ, егер əрбір бекет қалған бекеттерге жиі-жиі хабар жібермейтін болса, онда желінің өткізу жолағы толық пайдаланылмайды. Мұндай сызба-құрылым сирек қолданылады. <ref> Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тор|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}