Топырақтың ылғал сыйымдылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топырақтың ылғал сыйымдылығы — 1) топырақтың ылғал ұстау мүмкіндігі, топырақтың көлемінен немесе массасынан пайызы (%) есебінде өрнектеледі. Топырақтың ылғал сыйымдылығының негізгі түрлері: толық (барлық қуыстары суға толған); капиллярлық (топырақ қабаты ыза суларының капиллярлық көтерілу белдемінің шегінде болғанда); ең төмен (топырақта аз ғана ьлғал қалған жағдайда). Бұлардан өзге топырақтың ылғал сыйымдылығы далалық, шектеулі далалық, ең жоғарғы молекулалық, ең жоғарғы адсорбциялық болып бөлінеді;

2) топырақтың белгілі бір мөлшердегі суды сіңіру және ұстау қасиеті. Өлшемі топырақтың құрғақ массасына пайызбен көрсетіледі немесе оның көлемінен пайызбен өлшенеді. Топырақтың суды ұстау күшіне және жер жағдайына қарай толық, ең аз, капиллярлы және максималды молекулярлы түрлері сараланады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Топырақтың ылғал сыйымдылығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}