Топырақтың ылғалтартқыштығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топырақтың ылғалтартқыштығытопырақтың қатты түйірлерінің ауадан су буын ұстап қалу қасиеті. Ылғал топырақ түйірлерінің бетінде молекулалық тарту күштерімен ұсталып тұрады. Оны тек жоғары градуста (105°C-де 4—5 сағат бойы) қыздырғанда ғана арылтуға болады. Сонда ғана топырақ абсолютті кепкен күйге енеді. Ылғалтартқыштық тек бу түрінде жылжиды, оның топырақ сіңіретін мөлшері ауадағы су буының жанамалы майысқақтығына байланысты. Су буы неғұрлым майысқақ болса, соғұрлым топырақ түйірлері суды көбірек ұстай (сіңіре) алады. Су буына толық қаныққан (жанамалы ылғалдылығы 94%-ға тең), ауадан топырақ тұтқан ылғал мөлшері (топырақ массасына шаққандағы пайыз есебімен) барынша ылғалдылық деп аталады. Сіңірілетін ылғал мөлшері топырақтың механикалық құрамына, әсіресе коллоиды бөлшектерінің санына байланысты, мысалы, 0,005—0,001 мм іріліктегі түйірдің барынша ылғалдылығы 1,1% болса, 0,001 мм-ден уақ түйірлерде ол 27,6 %-ға жетеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Топырақтың ылғалтартқыштығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}