Топырақтың деградациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топырақтың азуы- адамның ісінен туғызылған және адамның тіршілігін қолдауға қабілеттілігіне азаюы бағытындағы процестердің жиынтығы. Топырақта оның органикалық та, минералдық бөлігінде өте көп мөлшерде үздіксіз процестер жүріп жатады, осы кез келген табиғи циклдердің бұзылуы азуға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, топырақ атмосферамен, гидросферамен үнемі әрекеттеседі, олардың компоненттері әртүрлі өзгерістерде қатысады, сондықтан да педосерадағы өзгеру басқа сферадағы өзгерістерді туғызады. Көптеген зерттеушілер деградация құбылысын шартты түрде үш топқа бөледі:физикалық, химиялық, биологиялық. Төменде келтірілген жіктеліс В.В Снакин және басқалар жасаған[1]

Топырақтың физикалық деградациясы

Қарашірік көкжиегі әлеуетінің азаюымен анықталатын топырақ құрылысы кескіннің бұзылуымен сипатталады. Ол су және жел эрозиясы әрекетінентопырақтың механикалық жабынының бұзылуы.

Топырақтың химиялық деградациясы

Ауылшаруашылық өнеркәсібінде жерді тиімсіз пайдаланудың нәтижесі-оның құнарлығының едәуір төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл процесте ең алдымен ондағы қоректік элементтер азаюымен байқалады.

Топырақтың биологиялық деградациясы

Топырақ микроорганизмдері қоректік заттардың айналымына үлкен рөл атқарады, қалдықтардың топырақта ыдырауына, ластағыштардың детокскациясы мен микроорганизмдердің патогенді формаларының дамуын тежейді. Топырақтың биолгиялық ластануын микроорганизмдердің патогенді формаларының мөлшерін көрсететін көрсеткіш сипаттай алады, яғни, жалпы микроорганизмдер мөлшеріндегі олардың үлес салмағы.

Дереккөз

Экология және тұрақты даму, Алматы 2014