Топты тетраэдрлік силикаттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоспақты тетраэдрлік силикаттар (пиросиликаттар)

Тортвейтит — (Sc, V)2[Si207 ]. Кейде оның қоспасында едәуір мөлшерде Zr және Аl болады. Моноклиндік сингониясы сирек. Тортвейтит сұрғылт жасыл немесе қара түсті призмалык кристалдар түрінде кездеседі. Рентген сәулесімен жақ сы зерттелген Si2 0 7 группасы оттек иондарының октаэдрлік коршауында жатушы Sc иондарымен қабатталып байланысқан. Қоспақтары (110) бойынша білінеді. Оптикалық солақай, 2и = 65°, = 1,809, Nm= 1,793, Np= 1,756. Плеохроизмы күшті: N р бойында жасыл, Мт және А бойында қоныр сары болады. Қаттылығы 6—7. Жымдастығы призмалық . Меншікті салмағы 3,57. Тортвейтит пегматиттерде кездеседі. Практикалық маңызы жоқ . Каламин —Zn4 [ Si207 ] (0H) 2 • Н20 . Синонимы: гемиморфит —кремний қышқылды мырыш. Латынша каламин— «майқамыс» (тростник) деген сөз. Орыс әдебиетінде галмей деп аталады. Химиялык кұрамы: ZnO 67,5%, Si02 25%, Сингониясы ромбылық ; ромб-пирамида формасында. Кристалдары өте ұсақ . Таблетка сияқты кристалдары тек қуыстарда кездеседі. Кристалдарының түсі өңсіз. Тығыз массалары ақ немесе сұр түсті болады, кебінесе сарғыш, коңыр, жасыл және көгілдір түстері де байқалады. Жылтырлығы шыны тәріздес. Оптикалық оңқай, 2и = 46°, Ng = 1,636, Nт = 1,617, Np = 1,614. Қаттылығы 4—5. Жымдастығы екі бағытта: (110) бойында анық білінеді, (101) бойында жетілмеген. Меншікті салмағы 3,4—3,5. Жаратылысы. Каламин қорғасын-мырыш сульфидті кенде- рінің бетінде табиғи өзгеру-тотықтану зоналарында пайда болады. Практикалық маңызы. Каламин негізгі мырыш рудасы болып табылады. Кендері. КСРО-да Шығыс Байкал сыртындағы кендердің бір қатарында:Тайнинск, Трехсвятительск және баскаларында каламин зерттеліп анықталған. Сонымен қатар онын кені Орталық Қазақстанда да (Ақжалда, Қызыл.еспеде, Гүлшатта) байқалған. Каламин Қаратаудағы, Алтайдағы полиметалл кендерінде де кездеседі.

Үш тетраэдрлік сакиналы силикаттар

Бенитоит — BaTi[Si309]. Сингониясы тригондық; дитригондипирамидалық . Кристалдык структурасы кремнезем-оттекті тетраэдрдің бір-бірімен байланыскан үш сақинасынан тұрады. Кристалдық бейнесі пирамида немесе таблетка сияқты. Түсі көгілдір, ікөк, 'қызыл, кейде бір кристалдың өзінде де ол түс өзгеріп тұрады. Жылтырлығы шыны тәріздес. Оптикалық бір осьті, оңқай, N g= 1,804, Nm= 1,757. Өте сирек кездесетін минерал.

Алты тетраэдрлік сақиналы силикаттар

Берилл —ВезА12. Бұл — жер кыртысындағы бериллийі бар минералдың өте көп таралғандарының бірі. Химиялык, құрамы: ВеО 14,1%, А12 03 19,0%, Si02 66,9%. Кейде сілтілердің (7%) қоспалары да кездеседі. Сингониясы гексагондық; дигексагон-дипирамида формасында. Кристалдық бейнесі әдемі призма, бағана тәрізді болады. Берилл әдетте жеке кристалл түрінде кездеседі, кейде друзаланып біріккен түрі де болады. Оның сояуланған түтас масса агрегат түріндегісі өте сирек байқалады. Берилл көбінесе жасылсымақ ақ , сары, сарғыш жасыл, көгілдір, ашық жасыл, кейде ал қызыл түстерге боялған. Түссіз және мөлдір түрлері де болады. Түстеріне қарай берилл мынадай түрлерге бөлінеді: 1) изумруд—қою боялған сүйкімді ашық жасыл түсті түрі; 2) аквамарин — мөлдір түр, көкшіл көгілдір бояулы, аты латынның аквасу, марр — теңіз деген сөзінеи алынған 3) воробьевит — ал қызыл түсті түрі (цезийі бар), орыс минералогы В. И. Воробьевтың құрметіне осылай аталған; 4) гелиодор — еары мөлдір түрі (аз мөлшерде темір тотығы бар). Жылтырлығы шыны тәріздес. Оптикалық бір осыі, солақай, N т =1,568—1,602, Nр = 1,564-1,595. Сыну және қосарланып сыну көрсеткіштері сілтілердің құрамдары кәбейген сайын өсіп отырады. Қаттылығы 7,5—8. Морт сынғыш. Жымдастығы призма және пинакоид бойлықтарында анық жетілмеген. Сынған орны тегіс омес, бүжыр болады. Меншікті салмағы 2,63—2,91, ол сілті көбсйген сайын өсе береді. Балқ у температурасы 1450°-қа жақын. Жаратылысы. Берилл көбінесе қышқыл интрузивтік жыныстардың арасындағы пегматиттік желілерде немесе интрузивтік бүйір жыныстардыц арасындағы химиялық алмасу және метасомотикалық жағдайда құралады. Сонымен қатар берилл пневматолиттік процестермен өзгерілген граниттерде — грейзендерде, кейде ішінде ұшпалы компоненттері бар минералдар парагенезисте байқалады. Практикалық маңызы. Изумрудтың және аквамариннің әдемі боялған мөлдір түрлері зергер ісіне қолданылады. Берилл рудасынан бериллий ажыратып алынады. Ол — жеңіл металл, меншікті салмағы алюминийдікінен 1,5 есе аз. Бериллийді алюминиймен, магниймен қосып балқытса, ол самолет құрылысына аса қажетті, әрі жеңіл, әрі берік іқорытпа болып шығады. Бериллий тұздары әр түрлі өнеркәсіп бөлімдеріне және медицинада пайдаланылады. Басты кендері. Берилл кені АҚШ-та, Колумбияда (Оңтүстік Америка) және Оңтүстік Африкада, изумруд кені Египетте, Қызыл теңіз жағасындағы Цабара тауларында, тақтатастардыц ішінде кездеседі. Алтайда, Қиыр Шығыста кездеседі. Турмалин -('(Na, Ca)(Mg, Al)6 [Si6Al3B3(О, OH)30]. Бұл — бор-алюмосиликат. құрамы ете күрделі. Радикалдағы Al: В катынасы 3,5:2,5 тең. Аты сингалездің турмали деген сөзінен шық қан. Ол осы атақпен басқ а асыл тастармен бірге Цейлон аралынан 1703 жылы Голландияға әкелінген. Қаттылығы 7—7,5, меншікті салмағы 2,90—3,25. Сингониясы тригондық. Кристалдары әдетте созылыңқы бағана тәрізді келеді, кейде призмалық түрлері де кездеседі.Түсі жасыл, ал қызыл, қоңыр, қара кейде бір кристалдың өзі әр түрлі болады. Турмалиннің езғешеліктері: кристалдарының формасы призмалық тригон, жымдастығы жоқ (амфиболдар мен эпидоттан айырмашылығы) және қатты болады. Қараларынын, сынығы тас көмірдікіндей өзгеше келеді. Призмалық жақтарында тік штрих сызықтары бар. Кристалдары радиалдық-сәуле формасында. Огітикалық солақай, бір осьті, тек кейде екі осьті болады (2и = 5—24°), Nm =1,635—1,698, N р = = 1,614—1,658, плеохразмы өте күшті. Жаратылысы. Турмалин негізінде гранит жыныстарда ліәне пегматиттік желілерде, бұдан басқа тақта тастарда және контактылық жыныстарда кездеседі. Асыл тастар сияқты, турмалиннің әдемі бояулы мөлдір кристалдары қырланады. Оның таза және мөлдір кристалды бір тектес тастары (толқындардың ұзындығын тұрақтандыру үшін) радиотехникада, оптикада қолданылады. КСРО-дегі турмалин кендері Оралда (Свердловск қаласының солтүстік-шығ'ысындағы Алабашка, Мурзинка және Липовка деревняларында, Борщовочнып жотасында (ал қызыл және полихром турмалиндер), Карелияда (Шерлдар) бар. Турмалин құм мен құмтастардың ауыр фракциясында кианит сияқты кездеседі.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}