Топохимиялық реакциялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топохимиялық реакцияларқатты денелердің қатысуымен жүретін химиялық реакциялар. Топохимиялық реакцияларға негізінен қатты заттар, кейбір жағдайларда газдар мен сұйықтықтар қатысады. Топохимиялық реакциялардың мысалы, кристаллогидраттардың дегидраттануын, тотықтардың қалпына келтірілуін, ауыр металлдар азидтерінің ыдырауын, шалаөткізгіш кристалдарды синтездеу мен тазартуды, т.б. жатқызуға болады. Кольшуттер ұсынған “топохимиялық” термині кристалдың белгілі бір жерінде жүретін реакция деген мағына береді. Топохимиялық реакциялардың ерекшеліктері: 1) олар барлық көлемде іске аспай, қатты дененің реакцияға қабілетті жекелеген бөліктерінде басталады; 2) басталған реакцияның кристалдың көршілес бөліктеріне жайылуы. Топохимиялық реакциялардың жылдамдығы кристалдың ақауына, ондағы кристалдық торды түзетін бөлшектердің (ион, атом, молекула) инерттігіне тікелей байланысты. Топохимиялық реакциялардың практикада кеңінен пайдаланылатын маңызды түрлеріне: ауыр және түсті металдардың кендерін күйдіру, тотықсыздандыру мен хлорлау, ферриттер мен катализаторлар алу, т.б. жатады.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}