Топорков Дмитрий Дмитриевич
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Топорков Дмитрий Дмитриевич (1904–1965) – геология-минералогия ғылымының кандидаты.
Қысқаша өмірбаяны:
1930 жылы Орал политехника институтын бітірген (Ресей).
1930–1942 жылдары Орал темір кен орындарын барлауға қатысқан.
1942–1945 жылдары Қазақ геология басқармасында бас инжинер, Орталық Қазақстандағы Жезді кен орнын ашуға қатысқан.
1951–1956 жылдары Аят геология-барлау экспедициясында, Қостанай геология барлау тресінде бас геолог болды.
1957 жылдан Қазақ минералды шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары қызметін атқарған.
Лениндік сыйлығының лауреаты (1957). Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>