Томас Транстремер
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазушы Томас Транстремер (Үлгі:Lang-sv; 15 сәуір 1931, Стокгольм — 26 наурыз 2015) - Нобель сыйлығының иегері, швед ақыны. Ол 2011 жылы Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанған.Үлгі:-1 Томас Транстремер 1931 жылы 15 сәуірде Стокгольмде дүниеге келген. Мамандығы бойынша психолог-дәрігер. Алғашқы кітабы 1954 жылы жарық көрген.<ref>Нобель мағынасы --></ref> Оның 15-ке тарта жыр жинағы 60 тілге аударылған. Томас Транстремердiң еншiсiнде Нобель сыйлығынан басқа да марапаттар бар. Атап айтқанда, Микаэл Бельман атындағы (Швеция, 1966 жыл), Франческо Петрарка атындағы (Италия – Германия, 1981 жыл), Bonniers баспасының поэтикалық сыйлығы (1983 жыл), Солтүстiк кеңесiнiң Үлкен сыйы (1989 жыл), Нейштадт атындағы (АҚШ, 1990) сияқты қомақты сыйлықтардың лауреаты атанған.
Кітаптары
- 17 dikter (1954)
- Hemligheter på vägen (1958)
- Den halvfärdiga himlen (1962)
- Klanger och spår (1966)
- Mörkerseende (1970)
- Stigar (1973)
- Östersjöar (1974)
- Sanningbarriären (1978)
- Det vilda torget (1983)
- För levande och döda (1989)
- Minnena ser mig (1993)
- Den stora gåtan (2004)
Орыс тіліне аударылған шығармалары
- Транстрёмер Томас. Өлеңдер / Аударғандар: Т.Бек, Е.Гулыга, В.Тихомирова – Заманауи швед поэзиясы. М.: Прогресс, 1979, б. 237–246.
- Транстрёмер Томас. Өлеңдер / Аударған И.Кутик – Илья Кутик. Швед ақындары: Аудармалар мен нұсқалар. М., 1992, б. 54-60. ISBN 5-7664-0023-3
- Транстрёмер Томас. Тыйым салынған қанаттар. 19 өлең / Аударған И.Кутик. –«Сегодня» газеті №85, 7 мамыр, 1994.
- Транстрёмер Томас. Өлеңдер / Аударған И.Кутик.– Шетел әдебиеті, 1995, №3, б. 168–175.
- Транстрёмер Томас. Гоголь. Балакиревтің түсі. Өлеңдер./ Аударған И.Кутик
- Транстрёмер Тумас. Таңдамалы: Өлеңдер / Аударғандар А.Афиногенова және А.Прокопьева. – М.: ОГИ, 2002. – 288 б.<ref>Үлгі:Cite news</ref>