Толқын Әділжанұлы Сейсембеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет


Сейсембеков Толқын Әділжанұлы, 1960 жылы 23-наурызда Талдықорған облысы, Андреевка ауылында өмірге келген. 1967 жылы Андреевка селосының №2 мектебіне барып, 1977 жылы сол мектепті аяқтады. 1977 жылдан 1978 жылға дейін сол мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеп, 1978 жылы Қазақ дене шынықтыру институтына түсті, 1982 жылы осы институтты «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, жолдамамен Андреевка ауылының №2 орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып барды. 1983 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1984 жылдың қараша айында әскер қатарынан босатылды. 1984 жылдан 1988 жылға дейін Талдықорған қаласындағы №4 Кәсіптік-техникалық училищесінде дене шынықтыру жетекшісі қызметін атқарды. 1988 – 1992 жылдар аралығында «40 лет Октября» колхозының БЖСМ-де бокстан тренер-оқытушы болып жұмыс істеді. Талай шәкірттері облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері болған. 1992 – 1998 жылдарда «Үй басқармасында» бас инженер, «Кировский торговый дом фирмы «Женис» ЖШС директорының коммерция жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 1998 жылы Алматы қаласындағы «Балбұлақ» РБОО-на ЕДШ нұсқаушысы болып қабылданып, 2004 жылы ЕДШ нұсқаушысы-әдіскері етіп ауыстырылды. 2004 жылы Англияда ортез жасау мамандығы бойынша оқып келген соң, сол жылдың желтоқсан айында осы орталықта ашылған ортез-протез шеберханасына ортез жасаушы маман болып ауысты, ал 2005 жылы осы шеберхананың меңгерушісі болып тағайындалды. 2007 жылы Англияда ортез жасау мамандығы бойынша білімін одан ары жетілдірді. 2007 жылы Астана қаласындағы «Республикалық балаларды оңалту орталығының» ортез кіші зауытына директор болып қабылданды. Осы уақыт ішінде бірнеше жаңашыл ұсыныс жасап, патенттерге ие болды. Қазіргі уақытта ортездеу және модельдеу зертханасының меңгерушісі.

Марапаттамалары

Жемісті жұмысы үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет Грамотасымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгілерімен марапатталған. Қазақстан Республикасы дәрігерлер мен провизорлар Ассоциациясының «Алтын дәрігер» төс белгісінің иегері.

Дереккөздер

<references/>

1. ↑http://www.velchel.ru/