Толқын Құдайбергенқызы Әуелғазина
Үлгі:Ғалым Толқын Құдайбергенқызы Әуелғазина — тарих ғылымның докторы (2007), профессор (2008).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1971 жылы 20 қыркүйекте Абай облысы Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында туған.
ҚазПИ-дің тарих факультетін (1994, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) және аспирантурасын (1997) бітірген соң осы университетте оқытушы (1998-1999), аға оқытушы (1999-2000), доцент (2002-2003), профессор (2008) қызметтерін атқарды.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми-зертеу жұмыстарының бағыты – қазақстандықтардың саяси әлеуметтенуі мен қоғамды демократияландыру және XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық қызметінің өзекті мәселелері.
"Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның ("Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтену ерекшеліктері") авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>