Толқынның ұзындығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Толқынның ұзындығы - кез келген уақыт мезетінде бірдей жылдамдықпен және бірдей үдеумен қозғалатын ең жақын орналасқан екі нүктенің арақашықтығы. Толқын ұзындығы грекше λ («Лямбда»)белгісімен белгіленеді Жылдамдығы ϑ толқын бір период Т аралықта λ толқынның ұзындығына тең қашықтықта тарайды:

λ = ϑ · Т

Период Т және жиілік v: Т = 1/v байланыста болғандықтан:

ϑ = λ · v

Толқын туындағанда, оның жиілігін тербеліс көзінің жиілігі анықтайды, ал толқынның жылдамдығы - ортаның қасиеттеріне тәуелді. Сондықтан жиілігі бірдей тербелістер әр түрлі болуы мүмкін.

Дереккөздер

<ref>Оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар. 2-кітап - Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2008ж - 536 бет. ISBN 9965-861-72-2</ref>