Толғанбай Сембаев
Үлгі:Музыкант Сембаев Толғанбай Токтағанұлы 1964 жылы 01 қаңтарда Алматы облысы Үшарал селосында дүниеге келді, 1966 жылдан бастап Аягөз ауданының Тарбағатай совхозында тұрып, мектепті 1971-1981 жылдары Тарбағатай совхозының "Октябрь" орта мектебінен білім алды, 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1989 жылы Алматы эстрада-цирк өнері студиясында, Қазақстан халық әртісі Қайрат Әукенұлы Байбосыновтың ән сыныбында оқып, «Домбырамен ән салу әртісі» деген біліктілік алды. 1989 – 2015 жылдар аралығында Семей мемлекеттік Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда солист болып қызмет атқарды. 2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білімі «Музыка мұғалімі». Толғанбай Сембаев көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты.
Марапаттары
1. 2006 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағы;
2. 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» облыс әкімі сыйлығы («Музыка» номинациясы);
3. 2016 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі.
4. 2025 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».
Жұмыс орны
1. Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің дәстүрлі ән кафедарсының доценті.
2. Роза Бағланова атындағы Қазақ Концерт ұжымының жеке әншісі.<ref>"Қазақтың дәтүрлі 1000 әні", EL production company, Co.Ltd 2010</ref>.