Толымбек Әбдірайым
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Әбдірайым Толымбек (12 қыркүйек 1955 жыл Семей облысы Аякөз қаласы) - жазушы.
Өмірбаяны
- 1972 жылы №2 қазақ орта мектебін (қазір Дулат Бабатайұлы атындағы) бітірген
- Аягөз автомобиль жөндеу зауытында
- Б. Майлин ауылдық кеңесінде
- Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде
- Талғар аудандық «Алатау жұлдызы»
- Алматы облыстық «Жетісу»
- республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде
- Көкшетау телерадио комитеттерінде еңбек еткен.
- «Қазақ әдебиеті» газетінің Астанадағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген.
- 1991 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
- 2006 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астанадағы өкілетті өкілі.
Жетістіктері
- Бірнеше Құрмет грамотасымен
- Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Шығармалары
- Алғашқы әңгімелері мен очерктері 1970 жылдан бастап газет-журналдарда жарияланып келеді.
- 1988 жылы «Елегізу» атты әңгімесі «Арман қанатында» жинағына енген.
- Ерке шора. Әңгімелер, ертегілер, повесть. «Балауса», 1996
- Мақтаншақ сары сағат. Ертегілер. «Фолиант», 2001
- Ине мен жіп. Ертегілер «Фолиант», 2001
- Әуелен үшқан тырналар. Әңгімелер және повесть. А., «Балауса», 2002
- Дария шабыт. Деректі әңгімелер. «Елорда», 2003
- Аю құлақ. Әңгімелер, ертегілер және повесть. А., «Арда», 2006
- Меңді қыз. Әңгімелер мен драмалық хикаят. А., «РИИЦ АЗИЯ», 2006
- Жалқаулыққа кім үйір? Ертегілер мен әңгімелер. А., «Баур», 2008.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>