Типтендіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады. Дүниежүзілік әдебиетте Моцарт пен Сальери, Атымтай жомарт, т.б. типтік бейнелер бар. Типол. байланыс ретінде бірнеше халықтың сөз өнеріндегі әдеби ағым мен бағыт, стиль, сюжет, образдар ұқсастығы танылады. Мұндай ұқсастық мәдени байланыс пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ тарихи тамырластық пен тіл, дәстүр сабақтастығы нәтижесінде болуы мүмкін. Мысалы, орыс әдебиетіндегі сюжеттік үлгілердің, образдардың қазақ арасында таралуы мәдени ауыс-түйіс түріне жатса, қазақ әдебиетінде шығыстық сюжеттердің кездесуі тарихи тамырластықтан туындаған ұқсастықты танытады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Типтендіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}