Тимур Ризабекұлы Исатаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тимур Ризабекұлы Исатаев (1969 ж. 12 шілдеде Көкшетау қаласында туған) - «АТФ Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Білімі
- 1991 ж. әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді бітірген, философия оқытушысы
- 1993 ж. Йель университетін (АҚШ)
- 2001 ж. INGBank Бизнес-мектебін бітірген, экономика магистрі.
Өмірбаяны
- 1993-96 жж. - Халықаралық валюта қоры атқарушы директорының кеңесшісі.
- 1996-99 жж. - Қазақстандағы «ING Barings» өкілдігінің басшысы.
- 1999-2001 жж. - «ABN Amro Bank Kazakhstan» ЖАҚ менеджері, Басқарма төрағасының орынбасары.
- 2001-03 жж. - «Темірбанк» ААҚ Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары.
- 2003-06 жж. - «АТФ Банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, төрағасы міндетін атқарушы, төрағасы.
- 2006 жылдан - «АТФ Банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
- 2009 жылдан бері - «Kassa Nova банкі» АҚ баcқарма төрағасы.
Жеке қасиеттері
- Хоббиі - текшеге ату.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Марапаттары
- "Құрмет" ордені.