Тимур Мекешұлы Жақсылықов
Тимур Мекешұлы Жақсылықов (17 қыркүйек 1968, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық ірі саясаткер, шенеунік, экономист және дипломат. 2024 жылдан бері қызметтегі Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елші. 2021—2024 жылдары Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары. 2017—2021 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі.
Өмірбаяны
1968 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка ауылында дүниеге келді.
Еңбек жолын 1985 жылы 2 жыл бойы Ертіс геологиялық барлау экспедициясының жұмысшысы болып бастады.
1993 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін «тарихшы» мамандығы бойынша тәмамдап келіп 1996 жылға дейін Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы ректоры болды.
1997—1998 жылдары Қазақстан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы;
1998—1999 жылдары Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі;
1999—2002 жылдары Қауіпсіздік КеңесіТалдау орталығы секторының меңгерушісі;
2002—2003 жылдары Президент Әкімшілігі Жүйелік зерттеулер орталығы басшысының орынбасары;
2003—2004 жылдары Индустрия және сауда министрлігі Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері департаментінің директоры;
2004—2005 жылдары Қазақстан Индустрия және сауда министрлігінің Женева қаласындағы Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері бойынша өкілдер тобының басшысы;
2005 жылғы шілде—қараша айлары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Швейцариядағы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;
2005—2006 жылдары «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры;
2006 жылғы ақпан—қазан айлары «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
2006—2007 жылдары Астана қаласы әкімі аппараты «Астананың тұрақты дамуы орталығының» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры;
2007 жылғы наурыз—қыркүйек айлары «Астананың тұрақты дамуы орталығы» ЖШС директоры;
2007—2008 жылдары Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болды.
2008 жылғы 7 сәуірде лауазымынан босатылып, Астана әкімінің өкімімен Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2009 жылғы 5 қазанда лауазымынан босатылып, Қазақстан Үкіметінің № 1493 бұйрығымен Индустрия және сауда министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2010 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Үкіметінің № 271 бұйрығымен лауазымынан босатылып, 6 сәуірде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
23 тамызда лауазымынан босатылып, Қазақстанның инвестициялық қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2012 жылғы 3 ақпанда лауазымынан босатылып, Қазақстан Үкіметінің № 195 бұйрығымен Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2014 жылы тамызда Экономикалық даму және сауда министрлігі Ұлттық экономика министрлігі деп атауын өзгертіп онда орынбасар болып қайта тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2017 жылғы 14 сәуірде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 4 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Осы лауазымын атқарып отырған барысында 2018 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Президентінің № 752 Жарлығымен Президент көмекшісі болып тағайындалды. 29 қарашада Президент көмекшісі лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2021 жылғы 8 ақпанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) лауазымынан босатылды. 16 ақпанда Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2022 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» Директорлар кеңесіне мүше болып кірсе, 2024 жылы шығып кетті.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2024 жылғы 4 маусымда лауазымынан босатылып, Қазақстан Президентінің Жарлығымен Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елші, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Білімі
1993 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін «тарихшы» мамандығы бойынша тәмамдады.
1997 жылы Франциядағы Страсбург Саяси зерттеулер институтын «магистр» мамандығы бойынша тәмамдады.
2003 жылы Үлгі:Iw «экономист» мамандығы бойынша тәмамдады.
Марапаттары және атақтары
2012 жылы Құрмет орденімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2015 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 4 шешімімен I дәрежелі Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін медалімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2017 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мадақтамасымен марапатталды.
2019 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 3 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін медалімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2022 жылы Парасат орденімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>