Тимур Алшынұлы Таипов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тимур Алшынұлы Таипов - 1972 жылы 13 мамырда Алматы қаласында туған. 1995 жылы ҚазММУ-ды бітірген, хирург.

  • 1998-99 жылдары - «Альтаир Фарма» ЖАҚ аймақтық даму жөніндегі директоры.
  • 2000-02 жылдары - «ТемирТрансСервис в Казахстане» ЖШС логистика бөлімінің бастығы.
  • 2002-05 жылдары «БТА Лизинг» АҚ несиелеу департамөнтінің аға, бас менеджері, «Альянс Лизинг» АҚ қаржы басқармасының бастығы.
  • 2005 жылдан - «Лизинг Групп» АҚ Басқарма төрағасы. Қазақстан Республикасындағы лизинг мәселелері бойынша 6 маала мен 4 жарияланымның авторы.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Кәсіпқойлық, жауапкершілік, адалдық».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Көргенділік, біліктілік, ұйымдасқандық, сабырлылық».

Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қазастан лизинг қызметінің нарығы қазіргі таңда қарқынды өсу кезеңін бастан кешіріп, орасан зор әлеуетке ие болуда. Негізгі құрал-жабдықтар сатып алуды қаржыландырудың балама механизмі ретіндегі лизингке сұраныстың үнемі артып отыруы осындай болжам жасауға негіз болады. Лизинг - Қазақстанды кәсіпорындардың негізгі өндіріс қорларын жаңарту барысында елеулі рөл атқара алатын бірегей инвестициялық құрал. Қаржы лизингі жөніндегі заңдарға түзетулер енгізу Қазақстанға жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге ТМД-ның басқа елдеріне «үлгі болады».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub