Тимуржан Әдиетұлы Шәкімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тимуржан Әдиетұлы Шәкімов - 1962 жылы 9 мамырда Орал облысы Каменка ауданы Ақтау ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Шәкімов Әдиет, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген. Анасы - Бөлегенова Халует, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген. Куйбышевтің А.И. Микоян атындағы «Құрмет белгісі» орденді инженерлік-құрылыс институтын бітірген (1984), инженер-құрылысшы. Экономика ғылымдарының кандидаты (2007). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі жағдайда өңірдің инвестициялық-құрылыс кешенін басқарудың ұйымдық-экономикалық тетігін қалыптастыру». Қазақ жәнө орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1984 жылдан - Орал облысы Каменск ауданы Ленин атындағы астық шаруашылығы кеңшары құрылыс учаскесінің шебері, аға жұмыстар атқарушысы.
  • 1994 жылдан - «Қазсаудақұрылыс» тресі Орал құрылыс учаскесінің бас инженері (Орал қаласы).
  • 1995 жылдан - «Жайықауылқұрылыс» ұжымдық шағын кәсіпорнының (бұрын «Оралауылқұрылыс» тресінің №1 ЖМК) бастығы.
  • 1998 жылдан - «Алтим» БҚ ЖШС директоры (Орал қ.). 2002 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық Инфрақұрылым және құрылыс басқармасының, Сәулет және құрылыс басқармасының бастығы.
  • 2004 жылдан - «Алтим» корпорациясы» ЖШС президенті (Орал қ.); БҚО Мемлекеттік сәулөт-құрылыс бақылау басқармасының бастығы. 2008 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылысжәне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Басқармасының бастығы.
  • 2009 жылдан бері - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).

Әскери атағы - запастағы капитан.
Хоббиі - бильярд, стол үсті теннис.

Үйленген. Жұбайы - Шәкімова Назгүл Абылайқызы, «Стоматологиялық клиника» ЖШС директоры. Ұлы - Шәкімов Әлібек, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жұмыс істейді; қызы - Шәкімова Индира, Лондон экономика мектебінде магистратурада оқиды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub