Тиләуләт сәждесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тиләуләт сәждесі. Құран Кәрімде он төрт жерде сәжде аяты бар. Бұларды оқыған, естіген адамның сәжде етуі — уәжіп. Тиләуләт сәждесі жасайтын адамның дәреті, әурет жерінің жабық болуы тиіс. Ниет етіп, құбылаға карап, қолдарын көтермей «Аллаһу әкбар» деп, сәждеге барады. Үш рет «субхана раббиал-а'ла» дегеннен кейін қайта «Аллаһу акбар» деп орнынан тұрады. Бұлай істеу - сүннет. Бірақ артынан «Ғуфранака рэббәнә уа шәйкал-масир» деу - мұстахап. «Аллаһым! Кешіріміңді тілеймін. Сөзсіз саған қайтамыз».

Кісі бір жерде тұрып, бір сәжде аятын бірнеше мәрте қайталаса, бәріне бір сәжде жеткілікті. Бірақ бір жерде әртүрлі сәжде аятын оқыса, әрқайсысына жеке-жеке сәжде лазым. Аятты радио, телеарнадан естуі мен жанындағы адамнан естуі арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Хайыз бен нифастағы әйелдерге сәжде аяты уәжіп емес.

Сәжде аяттары: «Ағраф», 206; «Рағыд», 15; «Нахыл», 50; «Исра», 109; «Мәриям», 25; «Хаж», 18; «Фурқан», 60; «Нәмл», 25; «Сәжде», 15; «Сад», 24; «Фұссиләт», 37; «Нәжм», 62; «Иншиқак», 20; «Алақ», 19.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub