Тең авторлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тең авторлық - Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Егер туындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қарамастан пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады.

Егер тең авторлар арасындағы келісімде өзгеше кезделмесе, оларың әрқайсысы туындының дербес мәні бар өзі жасаған бөлігін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}