Теңіз түлкішелері
Теңіз түлкішелері - (Agonidae), скорпен тәрізділер отрядының Agonidae тұқымдастары. Денесі құйрығына қарай сүйірленген, жұқа сүйектерден кұралған қабыршақпен қапталған. Дене ұзындығы 10-12 см, (кейде 40 см жетеді). 30 туыстың 50 түрі белгілі. Басым көпшілігі Тынық мұхиттың солтүстік бөлігін мекендейді, 4 түрі Атлант мұхитының солтүстігінде, 2 түрі жердің оңтүстік жарты бөлігінде кездеседі. ТМД-да Қыйыр Шығыс теңіздерінде 25, солтүстікте, 3 түрі таралған. Жағалауда, теңіз түбінде өмір сүреді. Уылдырығын жазда және күзде шашады. Уылдырығы су түбінде дамиды. Бентофагтар. Шаруашылық маңызы зор.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>
Дереккөздер
<references/>