Теңіз түзілімдерінің жіктемесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теңіз түзілімдерінің жіктемесі — қазіргі теңіз түзілімдерін топтарға, типтерге және типшелерге бөлу жүйесі. Ең соңғы Т.т.ж. кешенді (литологиялық) сипатты, шөгінділердің заттық генетикалық және түйірөлшемдік құрамдарын ескереді (Страхов, 1953; Безруков және Лисицын, 1960). Бұл жіктеме бойынша қазіргі шөгінділердің негізгі генетикалық топтары бөлінеді:терригендік, биогендік, вулканогендік, хемогендік,полигендік; заттық құрамының басты құрамбөліктері бойынша (сандық талдау негізінде) — сынықты,сазды,окті,кремнийлі, темірлі және т.б. шөгінділерге бөлінеді, оларда бұл құрамбөліктердің мөлшері мен генезисі әрі карай нақтыланады (мыс., әкті фораминиферлі шөгінділер, аз кремнийлі диатомды шөгінділер және т.б.). Түйірөлшемдік құрамы (басым фракциясының өлшемі немесе кейде бөлшектердің медианалық диаметрі) бойынша параллель жіктеу жүргізіледі: зор сынықты шөгінділер (жақпартас,шойтас,малтатас,гравий),құмдар (ірі, орташа,ұсақ), құмайттар (ірі, ұсақ) және пелит (лай) шөгінділер мен олардың аралас типтері. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub