Теңсерік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Жерін теңсерікке беретін есепқор байлар" (З. Ақышев). Бұрын шөп дайындағанда байлар жұртты көмекке шақырады. Кейде әр адам өз иелігіндегі жердің шабындығын "теңсерікке" береді. Яғни жігіт жалдап шабылған шөптің жартысын сол адам алады. Жалданған адам шөпті мезгілінде шауып, шөмелелеп береді. Жер иесі келісім бойынша тиісті шөп үлесін бөледі немесе соған лайықтап мал да береді.

Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.