Технологиялық детерминизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Технологиялық детерминизм - технологиялық өзгерістер қоғам дамуының негізі болып табылатын және әлеуметтік ұйымдастыру, экономика, қоғамның мәдениетіне және оның құндылықтарына елеулі ықпал ететін әдістеме. Технологиялық детерминизм техниканың қоғам өмірінің саласы ретінде дербестігіне, өзіндігіне сүйенеді. Технологиялық детерминизм жақтастары техносфераның дамуы техникалық ұтымдылықтың әмбебап тиімділік, жүйелілік, сенімділік сияқты критерийлеріне бағынады деп есептейді және ол әлеуметтік-саяси, экологиялық, моральдық және өзге де "сыртқы" факторлардан тәуелсіз дейді. Онымен қоймай, әлеуметтік прогресс ғылыми-техникалық, технологиялық прогрестерге тікелей әрі маңызды тәуелділікте болады. Тарихтың технологиялық детерминизм әдістемелеріне негізделген кезеңдерінде қоғамның даму кезеңдері техникалық-технологиялық саладағы түбегейлі өзгерістерге толықтай тәуелді. Осылайша, Д. Белл өнеркәсіптік технологиялардың өзгермелілігіне сүйене отырып, индустрияға дейінгі индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдарды анықтайды. Э. Тоффлердің пікірінше, өркениет тарихында үш тех¬нологиялық толқын аграрлық, индустриалдық және ақпараттық қоғамның пайда болуына себепкер болады. М. Маклюэн байланыс құралдарының, коммуникация түрлерінің ауысуы мәдениетте және қоғам өмірін ұйымдастыруда төңкеріс жасайды деп түсінген. XXI ғ. басында технологиялық детерминизмді тек жалпы қоғамға қатысты емес, қоғам өмірінің нақтылы салаларына қолдана отырып, кеңінен түсіну орын алуда.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Технологиялық детерминизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ar:تكنوقراطية arz:تكنوقراطيه bg:Технокрация ca:Tecnocràcia cs:Technokracie da:Teknokrati de:Technokratie en:Technocracy es:Tecnocracia (burocracia) eu:Teknokrazia fa:فن‌سالاری fi:Teknokratia fr:Technocratie (plan) gl:Tecnocracia hr:Tehnokracija is:Tækniveldi it:Tecnocrazia ja:テクノクラート ka:ტექნოკრატია ko:테크노크라시 mk:Технократија nl:Technocratie nn:Teknokrati no:Teknokrati pl:Technokracja (polityka) pt:Tecnocracia ru:Технократия sh:Tehnokracija sr:Технократија sv:Teknokrati (styrelseskick) tr:Teknokrasi uk:Технократія (політологія) zh:技術官僚