Тері атрофиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тері атрофиясы (atrophia cutis; Үлгі:Lang-el, Үлгі:Lang-la - солу, аш болу) — терінің қайтымсыз өзгерісі, тері жасушаларының сапалық өзгеруі, көлемінің кішірейуі.

Тері атрофиясы физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық атрофия адам жасына байланысты дене мүшелерінің инволюциясынан дамиды. Бұл қайтымсыз өзгеріс — терінің қарттық атрофиясы деп аталады. Терінің қарттық атрофиясында тері иілгіштігін жоғалтады, құрғақ болып, тері ұзақ уақыттан кейін қалпына келетін әжімдерге оңай жиылады; терінің түсі қызыл немесе ақшыл түске ауысып, вена байқалады.

Патологиялық тері атрофиясы терідегі метаболизмнің бұзылуы мен цитоплазмалық ферменттердің белсенділігінң төмендеуінен пайда болады. Патологиялық тері атрофиясы біріншілік және екіншілік, туа пайда болған және жүре пайда болған, диффузиялық және шектелген болуы мүмкін.

Тері атрофиясын емдеу әлі мүмкін емес.<ref>Петровский, Б. В. (1989). Краткая медицинская энциклопедия, бірінші том, екінші басылым, 624 бет. Мәскеу: Советская энциклопедия. </ref>

Тағы қараңыз

Атрофия

Дереккөздер

<references/>