Терең шұңғылдар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Терең шұңғылдар — құрлықтың мұхитқа өту белдемінің бедерін сипаттаушы элемент және геологиялық құрылымының бірі. Мыңдаған км-ге созылып жататын, ені ондаған км (изобаты бойынша 6 км), құлама беткейлі, табаны тегіс әрі тар болып келетін мұхит түбінің терең ойыстары (5— 11 км). Терең шұңғылдар аралдар доғасының мұхит жақ беткейінде олардың доғаға ұқсас иінін қайталай орналасады немесе арал доғалары жоқ шеткі мұхиттарда тау тізбектерінің су асты етектерін бойлай созылып жатады (мысалы, орталық және оңтүстік американың батыс жағалауында). Тынық мұхиттағы Мариан шұңғылы — ең терең шұңғыл (11022 м).<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>