Тепе-теңдік профилі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тепе-теңдік профилі — арнаның ұзына бойы профилі. Ол ағын судың арнаны ұзақ уақыт шаюы мен тасымалдарды қайта шөктіру әсерінен пайда болады. Тепе-теңдік профилінің әрбір нүктесінде судың шаю күші арнаны түзген жыныстардың шайылуға беріктігімен бірдейге болады. Төменгі агысында шығыны көбейіп отыратын өзендер мен тасқындардағы тепе-теңдік профилі ойысы төмен қараған көлбеуі қисық болып көрінеді. Аңғардың бас жағында бұл көлбеу түйе тайлы болып келеді де, ал таулы облыстарда вертикальды жағдайға дейін барады; саға маңында ол горизонтальға жақындайды. Булану, сіңу әсерінен төменгі ағысында шығыны азаятын езендердің профилі дөңес болады. Іс жүзінде тепетеңдік профиліне өзендердің кейбіреуі ғана әрбір аумағында жете алады, себебі тектоникалық қозғалыс пен басқа да жер қабығындағы процестер оны бұзып тұрады.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тепе-теңдік профилі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}