Теориялық негіздері (Аналитикалық химия)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кулонометрлік талдау кез келген электродтық реакцияға жұмсалатын электр мөлшерін өлшеуге пайдаланылады:

Re- α - nё —> Ox (14.1.)

Фарадей заңына негізделіп, электрдің саны бойынша тотықтырғыштын не тотықсыздандырғыштың массасы анықталынады:

<math>m =\frac{M*I*t}{96785}=\frac{M*I*t}{n*96485}=\frac{M*Q}{96485} </math>

мұндағы Мэк - эквиваленттің молекулалық массасы, М - мольдік масса, г/моль; I - ток күші. A; t - уақыт, с; п - реакцияға қатынасқан электрондар саны; 96485 - Фарадей саны (не Фарадей тұрақтысы) Кл/моль; Q- электр мөлшері. Кл.

Кулонометрлік талдауды жүргізген кезде мына шарттар орындалуы қажет: ток бойынша шығымы 100%-ке тең болатын тек бір ғана электрохимиялық реакцияның журуі керек; тура кулонометриядағы электрохимиялық түрлену құбылысының соның немесе кулонометрлік титрлеу кезіндегі табудың тәсілі болуы керек; электрохимиялық әрекеттескен заттың массасын есептеу үшін реакцияға жұмсалынған электр мөлшері дәл де, сенімді анықталуы керек.

Амперостатистикалық кулонометрия әдісіндегі электрдің мөлшері ток күшінің уақытқа көбейтіндісі ретінде есептелінеді. Потенциостатикалық кулонометриядағы талданатын ерітінді арқылы өткен токтың күші (экспотенциалдық заң бойынша) уақыт өткен сайын азаяды. Мұндай жағдайда электр мөлшерін өлшеу үшін интеграторларды немесе кулонометрлерді пайдаланады.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}