Тентексор мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Тентексор мұнай кен орны - Атырау облысының Мақат ауданындағы Оңтүстік Ембі мұнайлы-газды ауданына жатады. 1945 жылдан пайдаланылады.

Геологиялық құрылымы

Кен орнының геологиялық қимасының табанын төменгі пермьның кунгур ярусының тас тұзы құрайды, оны саз, малтатас, құмтастан тұратын жоғарғы пермь мен триас шөгінділері, құмтас, малтатастан құралған төменгі юра, құм мен сазды орталық юра жыныстары жапқан.

Сипаты, құрамы

Кен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған тұз күмбезін байланыса келеді. Өндіруге тұрарлық мұнай ортаңғы юраның құмды-сазды свитасының солтүстік-батыс қанатындағы готерив пен төменгі апт шөгінділерінде. Юра мұнайының шайыры аз (5,5%), тығыздығы 840-850кг/м3, жеңіл фракциялар шығымы 200°С-қа дейінгі температурада 3,5-9,0%. Қоры жөнінен шағын кен саналады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер