Темір Бейісұлы Бейісов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темір Бейісұлы Бейісов - (1911, Батыс Қазақстан облысы Қамыссамар ауылы - 12.4.1995, Орал қаласы) - ғалым, филология ғылымының кандидаты (1953). Орал педагогика техникум (1932), Саратов педагогика институтын (1937) бітірген. 1932 - 33 жылдары облысы оқу бөлімінде бөлім меңгерушісі, партия қызметкерлері мектебінде оқытушы, 1937 - 39 жылдары Шымкент мұғалімдер институтында аға оқытушы, 1941 - 42 жылдары Орал қаласында орта мектепте мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі. 1942 жылы облысы оқу бөлімінің инспекторы, 1942 - 45 жылдары Фурманов ауданындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, директоры болған. 1945 - 54 жылдары Орал педагогика институтында аға оқытушы, сырттай оқу бөлімі директорының орынбасары, 1954 жылдан зейнеткерлікке шыққанша оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған.

Шығармалары:

  • Шевченко в Казахстане. Алма-Ата, 1952;
  • Некоторые вопросы горьковских традиции в современной казахской литературе. Алматы, 1953.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}