Темірқан Нұғыманұлы Нұртаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темірқан Нұғыманұлы Нұртаев (1944 ж. 5 қазанда Қостанай облысы Әулиекөл ауданы туған) - «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президентінің кеңесшісі.

Өмірбаяны

  • 1968 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист.
  • 1968 ж. - ҚазКСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Орталық аппаратында жұмыс істеген.
  • 1991 ж. - КСРО зейнетақы қоры Қазақ республикалық бөлімшесінің 1-ші басқарушысы, КСРО Зейнетақы қоры Басқармасының мүшесі - ҚазКСР министрі.
  • 1993 ж. - «Сенім» сақтандыру компаниясы» АҚ вице-президенті.
  • 1997-98 ж. - «Қазақтелеком» және «Қазақтелеком-Үміт» корпоративті жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ-нда басшылық қызметтер атқарған.
  • 1999 ж. - «Үміт» ЖЗҚ» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 1999-2005 жж. - «Үміт» ЖЗҚ» ЖАҚ («ҮларҮміт» ЖЗҚ» АҚ) вице-президенті.
  • 2005 жылдан - «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президентінің кеңесшісі.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбегі

  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы мәселелері бойынша бірқатар мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
  • ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына өзгертулер мен түзетулер енгізу жобаларын әзірлеуге қатысқан.
  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, оның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан.

Марапаттары

  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен (2005)
  • «Әлеуметтік қамсыздандырудың үздігі» белгісімен
  • КСРО Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитетінің және КСРО мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы ОК (1988)
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (2004) Құрмет грамоталарымен
  • ҚР Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}