Темірлан Ерланұлы Ерланов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Темірлан Ерланұлы Ерланов (9 шілде 1993 жыл<ref>https://www.transfermarkt.com/temirlan-erlanov/profil/spieler/266520</ref>) — белгілі қазақ футболшысы, Үржар ауданының тумасы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Тобыл" клубының қорғаушысы.

Мансабы

Клубтық

Темірлан Ерланов мансабын "Сұңқар" клубында бастады.

2011 жылы оны алғашқы бапкері Асқарбек Еңсебаев Алматы қаласына жібереді. Ол Алматыда "Қайраттың" футболшылар дайындайтын қосынында болды. Қорғаушы "Сұңқарда" көп ойын өткізген жоқ.

2012-15 жылдары "Восток" клубында доп теуіп, 2015 жылдың соңында "Ордабасыға" ауысты. Клуб құрамында 80 матч өткізіп, 10 гол соқты. Тағы 2 голға мүмкіндік жасады. Айта кетейік, ол грузиндік «Торпедо» командасымен кездесуде жеңісті голдың авторы атанды. 2019 жылы шымкенттіктермен бірге «қола» жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2019 жылы 21 ақпанда Молдова құрамасына қарсы алаңға шықты. Ерланов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 7 матчқа алаңға шығып,1 гол соққан. Қазір Темірлан Ерланов ұлттық құраманың белді қорғаушысы саналады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Бастама