Темірлан Анарбекұлы Анарбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы

Темірлан Анарбекұлы Анарбеков (14 қазан 2003, Үлгі:Туғанжері, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Қайрат" клубының қақпашысы<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. 2025 жылдан Ұлттық құраманың ойыншысы.

2025 жылғы 4 қыркүйек күні Астанада өткен Қазақстан-Уэйлс ойнында ұлттық құрамадағы алғашқы матчын өткізді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Transfermarkt деректері бойынша, оның трансферлік құны 200 мың еуроны құрайды. Ол әлі жас болса да, осындай маңызды жетістіктерге жеткен<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Өмірбаяны

2003 жылы 14 қазанда Атырау қаласында дүниеге келген.

Спортқа 11 жасында келді, бірақ алаң ойыншысы ретінде қабылданбағандықтан, қақпаға тұруды таңдады. 2017 жылы «Қайрат» клубының скауттары оны байқап, Алматы академиясына шақырды. Анарбековтің айтуынша, бұл оның өміріндегі бетбұрыс кезеңі болды. Ол Қазақстанда мұндай жағдайлар бар екенін білмегенін және алғаш рет табиғи жабыны бар алаңды көргенін айтады.

Футболдағы мансабы

2017 жылы «Қайрат» футбол клубының академиясына шақырту алды.

2020 жылғы маусымда, 17 жасында, Премьер-лигада «Таразға» қарсы матчта (0:1) негізгі командада дебют жасады.

2022 жылы Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсеткен «Қайрат-Жастар» командасының капитаны болды.

2024 жылғы маусымды елордалық «Жеңіс» клубында жалға алу құқығымен өткізді.

УЕФА Чемпиондар лигасы

2025 жылы 20 тамызда сырт алаңда «Селтикке» қарсы ойында Еурокубоктардағы дебютін өткізді. Екінші таймда негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алды. Темірлан оның орнына алаңға шықты. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Қарымта матчта да есеп ашылмады, қақпашы 5 сейв жасады. Ал пенальти сериясында Сельтик ойыншылары Адам Айда, Люк МакКоуэн және Дайзен Маэданың соққыларынн қайтарды. Оның сейвтерінің арқасында команда шотландиялық клубты пенальтиде жеңіп, «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан ұлттық құрамасында

2021 жылдың 6 қазанында Чехияға қарсы Қазақстан U-19 құрамасы сапындағы алғашқы матчы.

Ұлттық құрама сапында алаңға тұңғыш рет 2025 жылғы 4 қыркүйек күні Астанада өткен Қазақстан - Уэйлс матчында шықты. Ойын 0:1 есебімен Уэйлс жеңісімен аяқталды.

Жетістіктері

«Қайрат»

Қазақстан чемпионаты

  • Қазақстан чемпионы: 2020
  • Қола жүлдегер: 2021

Қазақстан кубогы

  • Жеңімпаз: 2021

Қазақстан Суперкобыгы

  • Жеңімпаз: 2025

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:БастамаҮлгі:Сыртқы сілтемелер