Темірбетон құбыр желісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темірбетон құбыр желісі — тегеурінді ағынды суды пайдаланушыларға (тұтынушыларға) жеткізуге арналған құбыр түрі.

Су құбырының желісі, әдетте, құбыр қабырғасын керуші күш пен тік диаметрін ұлғайтуға немесе кемітуге әсер ететін қысым күшін жою үшін оны қос қабат арматурамен жабдықтайды. Ұзындық және радиалды бағыттағы арматураларды қамытпен байланыстырады. Жер астындағы құбырдың температурасы мен жер беті температурасының айырмасынан (1°С жағдайында) бетонда керу кернеуі күші ~1 кгс/см2 пайда болады. Тегеурінді темірбетон құбыр желісі жобаланған кезде құбырдың экономикалық тұрғыдан ең тиімді диаметрін анықтайды, Мұнда жыл сайынғы барлық қаржы шығынының көрсеткіші ең төмен болуы тиіс. Егер су құбырының су өтімі жыл бойында айнымалы болса, онда жоғалған қуатын орташа кубты су өтімімен анықтайды:

<math>Q_\mathrm{i} = \frac{\sqrt{\Sigma Q_\mathrm{i}\cdot \Delta t_\mathrm{i}}}{\Sigma\Delta t_\mathrm{i}};</math>

мұндағы <math>Q_\mathrm{i}</math> — су өтімі, м3/сек; <math>\Delta t_\mathrm{i}</math> — оның жыл ішіндегі ұзактығы. Темірбетон құбыр желісі үшін су құбырына қатысты экономикалық тиімді жылдамдық: <math>V_\mathrm{ec.}</math> = 2,5 — 3,5 м/сек.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Темірбетон құбыр желісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}