Темірбек Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Темірбек Ахметов (1919 жылы туған. Алматы облысы Бақанас ауданы Маралды ауылы — 1952 жылы, Алматы) — домбырашы , күйші. Ахметов жасынан домбыраға құмар болып, Хатшыбай деген домбырашы нағашысынан күй үйренген. Келе-келе халық күйлерін және халық композиторларының күйлерін шебер орындаушы дәрежесіне көтеріледі. Орындаушылықты әбден меңгердім деген кезде ол өз жанынан күй шығаруға талап қылады. Оның халық арасына көп тараған күйі — “Жетім бала”. Бұл күй қазірге дейін Ахметовтің күйшілік қарымын танытатын бірден-бір шығарма болып отыр.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Ахметов күйлерінің ерекшелігі - көбінесе квинта бұрауында (теріс бұрау) келеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}