Температуралық жік
Температуралық жік — ғимарат пен имарат аралығын екі бөлікке бөліп тұратын және олардың өзара алмасуына мүмкіндік беретін тұрақты саңылау. Температуралық жік құрылымдардағы ғимараттар мен имараттардың температуралық өзгерістері кезіндегі ішкі термикалық кернеуді жоюға арналған тәсіл. Ғимарат пен имараттардың аралығындағы температуралық жік бұл құрылыстар жасалынған материалдарға, құрылымдық схемаларына қарай мөлшерленеді. Температуралық жіктер құрылымы бойынша: жазық және штрабовидті болып бөлінеді, көбінесе жазық жік пайдаланылады. Температуралық жіктердің енін шамамен мына формуламен анықтайды:
- <math>\delta = \frac{\alpha\Delta t(l_\mathrm{1} + l_\mathrm{2})}{2};</math>
мұндағы <math>\alpha</math> бетонның ұзына бойғы кеңею коэффициенті; <math>\Delta t</math> құрылысты жүргізу және пайдалану кезіндегі қоршаған орта температурасының өзгерісі; <math>l_\mathrm{1}</math> және <math>l_\mathrm{2}</math> қатарлас екі секцияның ені.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>