Теляковский Всеволод Владимирович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теляковский Всеволод Владимирович (12.2.1894, Санкт-Петербург – 7.1.1963, сонда) – пейзажшы, театр суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1956). Теляковский 1912 жылы Санкт-Петербург гимназиясын бітірген соң Париждегі Ронсон академиясының қондырғылы кескіндеме бөліміне түсіп, француз суретшілері М.Дени мен Ф.Валлотаннан дәріс алған. 1924 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) қаласындағы архитектуралық институтында сурет пен кескіндеме пәнінен сабақ берді. 1935 жылдан Қазақстанда тұрды. Спектакльдерді безендіру жұмысын алғаш Атбасар қалалық музыкалық драма театрында бастады. 1936 – 1938 жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры (1946 – 1956 жылы бас суретші) мен Қазақ КСР-і Мемлекеттік Орталығы мұражайында қызмет етті. Қазақтың ұлттық эпосына арналған көптеген паннолардың топтамасын (“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, 1958; “Қамбар батыр”, 1958; “Қорқыт баба”, 1959, т.б.) жасады. Теляковский сондай-ақ “Кеш” (1959), “Пион гүлі”, “Аквариум” (1960) т.б. натюрморттардың авторы. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} <references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Теляковский Всеволод Владимирович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}