Тельман Еркінбекұлы Сауранбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Сауранбеков Тельман Еркінбекұлы (6.6.1941 жылы туған, Жуалы ауданы Қошқарата ауылы) – қоғам қайраткері. Қазіргі Абай атындағы Алматы мемл университетінің тарих факультетін бітірген (1962). Еңбек жолындағы қадамын аудандық Пионерлер үйінің әдіскері, пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастады. 1962 – 65 жылдары Алматы қаласы Совет ауданы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1969 – 72 жылдары Алматы қаласы комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1972 – 76 жылдары БЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы, 1976 – 84 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің хатшысы, 1984 – 86 жылдары Алматы қаласы партия комитетінің хатшысы, 1986 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, КСРО Министрлер кеңесінің Қазақ КСР-і бойынша дін істері жөніндегі өкілетті өкілі, 1990 – 95 жылдары ҚР Президент аппараты мен Министрлер Кабинетінің хат және азаматтарды қабылдау бөлімінің меңгерушісі, 1995 – 97 жылдары ҚР Үкімет жанындағы дін істері жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, 1997 жылдан ҚР Парламентінің Сенат Аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (11-шақырылған) депутаты болып сайланды. «Құрмет Белгісі» орденімен екі рет марапатталды.

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тельман Еркінбекұлы Сауранбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}