Телевизиялық таратқыш түтік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Телевизиялық таратқыш түтік - оптикалық кескінді электрлік телевизиялық сигналға өзгертуге арналған электронды сәлелік түтік. Өзгерту принципіне сәйкес телевизиялық таратқыш түтік электр зарядттарын жинақтауыш және оны жинақтамайтын (диссектор) түрлерге ажыратылады. Электр зарядтарын жинақтауыш телевизиялық таратқыш түтіктер фотоэмиссиялы (иконоскоп, ортикон), екінші ретті электронды (супериконоскоп, суперортикон), фото өткізгішті (видикон) ж.т.б. жинақтауышы бар түтіктерге топталады.<ref>ҚСЭ энциклопедиясы, 1977</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер