Театр музыкасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Театр музыкасы – музыкалы (опера, балет, оперетта, музыкалы драма, музыкалы комедия), сондай-ақ драмалық театр қойылымдарының, яғни кең мағынада кез келген театр спектакльдерінің музыкалық өрнегі. Әдетте театр музыкасын драма театры спектакльдеріндегі (трагедия, драма және комедиядағы) музыка деп түсінеді. Музыкалы театрда музыка сахналық жағдай мен кейіпкерлер мінезін бейнелеудің маңызды бір тәсілі әрі спектакль драматургиясының бөлінбейтін құрамды бөлігі болып табылады; ең соңында ол көркемдік идеяны жүзеге асыру міндетін атқарады. Театр музыкасы драм. театр спектакльдерінің эмоц. әсерін күшейте түсуге жағдай тудырады. Театр музыкасының лирик. көріністерде және қиял-ғажайып бейнелер жасауда да атқарар қызметі ұлан-ғайыр. Драма өнері түрлеріне жататын көне дәуір трагедиясы мен комедиясынан, италияның дель арте комедиясынан, Қытай театрынан және Шығыс халықтары театр жанрларынан музыканың басты орын алғандығы ертеден белгілі. 19 – 20 ғасырлардағы батыс-еуропалық драма өнеріндегі опера, водевиль, пьеса түріндегі пролог пен дивертисментте де музыка кең орын алды. Театр музыкасына алдын ала жазылып алынған музыка да, бағдарламалы музыка түрлері (увертюра, антракт) де қолданыла береді. Белгілі композиторлардың театрға арнап жазған музыка шығармалары бәз қалпында (мысалы, Л.В. Бетховеннің, ГетеніңЭгмонт” драмасына жазған музыкасы) немесе автордың аздап өңдеуімен (мысалы, Ж.Бизенің, Г.ИбсенніңПер Гюнт” драмасына жазған музыкасындағы сюиталар) жеке музыка ретінде концерттерде орындала береді. Драма театры спектакльдеріне қазақ композиторлары А.Жұбанов (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”), Ғ.Жұбанова (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), С.Мұхамеджанов (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, “Беу, қыздар-ай”), Н.Тілендиев (М.Әуезов, “Қарагөз”), т.б. арнайы музыка жазып, оның өркендеп дамуына елеулі үлес қосты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}