Таңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Оңтүстіктен түсірілген Таңбалы шатқалының көрінісі.jpg
Оңтүстіктен түсірілген Таңбалы шатқалының көрінісі.

Таңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1052 Қаулысымен 2003 жылдың қазан айының 14 жұлдызыңда Алматы облысында ұйымдастырылған археологиялық табиғи кешенді Мемлекеттік мекеме. Жалпы ауданы 3800 га құрайды.

Орналасқан жері

Сурет:Оңтүстіктен түсірілген Таңбалы алқабының көрінісі.jpg
Оңтүстіктен түсірілген Таңбалы алқабының көрінісі.

Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км, Алматы қаласынан 170 км солтүстік-батыста, Іле Алатауынан оңтүстіктен солтүстікке қарай Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінедейін созылып жатқан Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Шатқал ландшафты

Таңбалы шатқалының көркем бедері Шу-Іле тауларыгеологиялық тарихының ұзақ уақытында қалыптасты. Бұл үдерісте негізгі рөл атқарған неотектоникалық құбылыстар, олардың ішіндегі неғұрым жастарының жасы 1 миллион жылға жуық. Таңбалыдан солтүстікке қарай созылған таулар мен кең жазықтықтың шекарасы көне жарықтың бойын белгілейді, соның нәтижесінде кезінде жер беті көтеріліп, биік кертпеш пайда болды, сулы және желді эрозия күмбез тәрізді және тегіс төбелерімен (ұсақ шоқылар) аласа таулар арқылы өз жолын тапқан өзенді алқаптардың қалыптасуының аяқталуына септігін тигізді.
Таңбалының ең көзге түсер белгісі – жырадан ілгері ұмтылып шығып тұрған шағын құз, яғни шатқал болып табылады. Бұнда аңғардың біртүрлі иілімдерінде жартасты баурайлар жабық кеңістік жасап, бір-біріне жабысып тұрғандай. Көне шебер-жасаушылардың бірнеше ұрпағы еңбегін сіңіріп, қолөнерінің тамаша галлереясына айналдырған, тегіс және жалпақ жартастар бетіне салынған ертедегі петроглифтер сан мыңдаған жылдар бойы жел өтінде күн көзіне қақталып тұрды. Көптеген ғасырлар бойы Қазақстан тарихында іздерін қалдырған түрлі халықтар үшін арна жартастарымен Таңбалының жіңішке алқабы діни ғибадатхана рөлін атқарды; мұнда салт-жоралық рәсімдер өткізілді, ырымдар жасалды, тәңірге табыну және ата-бабалар рухына сыйыну рәсімдері істелді.
Таңбалыға тәу ету дәстүрі қазір де бар. Оны мұнда қазіргі келушілердің бұталарға байлаған ала-құла шүберек қиындыларынан, "құрбандық шалу" рәсімдерінен анық байқауға болады.

Археологиялық ескерткіштері

Қазақстанның көп ғасырлық тарихындағы Таңбалының мәнділігі, мұнда қола дәуірінің суретшілері алғаш рет құдайға антропоморфтық кескін бере отырып, оның көріп білуге болатын бейнесін жасауында. Таңбалының әлемдік мәні сондай, мұнда адам ашық аспан астында Күн Ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи өзгешелігімен өзінің шығармашылық даналығын біріктіре білген.
Петроглифтердің орналасқан жері Таңбалы шатқалы тек Орта Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңыздылардың бірі болып табылады. Бұл зерттеліп жатқан және қорғалатын адамзаттың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын осы кешенге аялы қатынасқа себепші болады. Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу петроглифтердің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру үшін негізгі базаны қамтамасыз етеді. Таңбалының ертедегі петроглифтері ертедегі адамның қоршаған әлемді кеңістіктік көру және қабылдауын көрсете отырып, ап-анық сұлулыққа ие. Осы жартастағы суреттер біздің санамызға әсер ете отырып, ғасырлар арқылы сәлемдеме түрінде бізге жеткендей. Таңбалы ордасының феномені петроглифтердің бейнелеу қатарларының белгілі құрылымдарының болуында, мұнда қола дәуіріндегі петроглифтердің жүйесіз емес, белгілі дәйектілікпен орналасатындығын және белгілі экспозициядағы ғана жазықтықты алып жатқандығын бақылаймыз. Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды.
Кешеннің барлық кезеңдердегі негізі жартастарында 3000 жуық петроглифтер (1—5 топ) сақталған каньон болып табылады. Ертедегі петроглифтер белгілі бір бағытқа ғана бағдарланған жазықтықтарға ойып жасалған. Аңғарда каньоннның әрбір жартасының алдында қола дәуірінің барлық суреттері күрделі композицияларға дәйектілікпен біріге отырып, бір мезілде көрінетін жер бар. Таңбалы петроглифтер галереясы өзіндегі қола дәуірінің тайпаларының ертедегі мифологиясы негізіндегі көркем хикаяны нақтылы түрде көрсетеді. Қола дәуіріндегі Таңбалының көптеген петроглифтері Орталық Азияның жартастағы өнеріндегі бірегейі.

Табиғаты, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі

Таңбалы шатқалы Балхаш көлі және Шу өзенінің су сағасы бассейінін бөлетін, Шу-Іле тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Солтүстік Тянь-Шань провинциясының жазықтық-тау бөктері, шөлді-далалы аймағының құрамына кіреді.
Өзендер мұнда аз, олардың көпшілігі жазда тартылып қалады, күн ыстық кездерде адамдар мен жануарларды сумен қамтамасыз ететін тек қана қайнарлар мен өзен арнасының тереңдігі біркелкі жалпақтау кең жерлерінде жиналған тұзды сулар. Мұна тоғайлар жоқ, жалғыз ағаштар сирек кездеседі, бірақ тау беткейлері қалың бұталармен жамылған. Көктемде тапшы шөпті өсімдігі таулармен жазықтықтарды гүлдердің ала-құла түстерімен жамылып, жарқырап шыға келеді. Жазғы қапырық кезінде өсімдігі тез сарғайып кетеді және қоңыр күзге дейін тек Таңбалы өзенінің жайылма алқабында шұраттың балаусасы мен көк шөбі сақталынады. Таңбалы қорық-мұражайының ең көрікті жері шатқалдың сағасында түзілген шағын каньон болып табылады. Мұнда аңғардың таң қаларлық иілімінде жартас беткейлері жабық кеңістіктің елесін жасай отырып, көрерменді тығыз қоршап алады.
Кешен аумағында Шу-Іле тауларында ғана кездесетін, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген — Регель қызғалдағы, Кушакевич юнонасы және арнайы қорғауға мұқтаж басқа сирек кездесетін және реликті эндемикалық өсімдіктері бар ботаникалық бірлестіктер сақталған аймақтар бар.
Одан басқа, жерді жырту және мал бағу нәтижесінде аймақтағы осындай ландшафтың көптеген басқа телімдері бүлінсе де, ескерткіш аумағында өзіне тән өсімдігімен бірге Тянь-Шаньның тау бөктеріндегі шөлге тән ландшафтының бүлінбеген телімдері сақталған.
Қорық-мұражайының аумағында өзінің алғашқы қалпын сақтаған жабайы жануарлар — қасқырлар, түлкілер, қояндар, тасбақалар, жыландар, сондай-ақ көптеген құстар, соның ішінде жыртқыш құстар - дала қыраны, бөктергі, сұңқар-ителгі мекендейді.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref>

Негіздемелер хронологиясы

  • 1998 жылы Таңбалы кешенінде 1994 жылы тоқтатылған ғылыми-зерттеу жұмыстары қайта жаңғырып, Қазақстанның мәдениет министрлігімен Таңбалы кешенін сақтау мен кешенді бағдарламасын өңдеу басталды. Сол жылы Таңбалыны Қазақстан атынан Юнесканың Әлемдік Мұралардың Алғашқы Тізіміне енгізу негіздемесі дайындалады.
  • 1999 жылы Юнесконың Әлемдік Мұралар Комитеті Таңбалыны беделді ескерткіш ретінде 2001-2002 жылдарда номинацияға қосу қажет деп анықтайды.
  • 2003 жылы 19 желтоқсанда ЮНЕСКО-Норвегия-Қазақстанның «Менеджмент, консервация және Таңбалының жартастағы өнер ескерткіштерін таныстыру» жобасын іске асыру туралы Қазақстан Үкіметі және ЮНЕСКО арасында Келісімге қол қойды.
  • 2004 жылдың басында Таңбалыны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттамаларды дайындау үдерісі аяқталу кезеңіне кірді.
  • 2004 жылы 30 маусымда Таңбалы археологиялық Ландшафтының Петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілді.
  • 2005 жылы 19 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерін» Қазақстандық номинациясын енгізу туралы СЕРТИФИКАТТЫ ЮНЕСКО-ның Бас директоры Койчиро МАЦУУРАның қазақстандық делегацияға тапсыруының салтанатты рәсімі өтті.<ref>"Қазақстан Республикасы Мәдени саясат және өнертану институты" материалдарынан.</ref>

Қорық-музейінің "Сапар орталығы"

2018-2019 жылдары Таңбалы қорық-музейінің "Сапар орталығы" бой көтерді.
2020 жылы көрме залын музейлендіру жұмыстары жүргізілді. Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы – 1478,9 шаршы метр. Жаңа орталық заманауи үлгіде жабдықталған. Көрме залы, конференция залы, зертхана, кітапхана, кеңсе, келушілер үшін асхана және қонақүймен қамтылған. Ғимараттың сыртында 5 киіз үй тігілген дәстүрлі этноауыл бар. Олардың іші ұлттық стильде жабдықталған. Киіз үйдің ішінде қазақы үлгіде былғарыдан тігілген сөмкелер, ұлттық киімдер, тұрмыс-салт бұйымдары, аңшы құралдары қойылған.

Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи «Таңбалы» қорығына 10 мультимедийлық энциклопедиялар арналып, "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасы аясында «RGB-Studio» ЖШС-і құрған "Мультимедийлық энциклопедия коллекциясына" енді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер