Таңатар Алшабеков
Үлгі:Infobox Biography Алшабеков Таңатар - 1944 жылы 10 тамызда Алматы облысы Октябрь ауылында туған. Қазақ.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестрлік факультетін бітірген (1970), оркестр әртісі, оқытушы, дирижер.
«Әнші Дәнеш» жинағындағы мақалалардың (2001), «Жетісу», «Ғасырлар үні» және басқа күйлердің авторы. Оның шығармалары «Жетісудың жаңа әуендері», «Ән-күй сазы» жинақтарында жарияланған. «Жаңа ғасырға жаңа ән» жинағының музыкалық редакторы (2003).
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1964 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі. 1965 жылдан - Панфилов педагогикалық училищесінің оқытушысы.
1971 жылдан - Талдықорған облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, директоры. 1988 жылдан - Талдықорған облыстық Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары. 1996 жылдан - К. Байсейітова атындағы Талдықорған музыкалық колледжінің директоры.
2005 жылдан бері - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның бас музыкалық жетекшісі.
«ҚазКСР 50 жылдығы» (1970), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен; көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған. Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (1982). ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген (2001). Мәдениет қайраткері (2004).
Діни көзқарасы - мұсылман.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген мемлекет болады».
Хоббиі - Қазақстан тарихы.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар.
Үйленген. Жұбайы - Болатбаева Толқын Ағұсқызы, аудитор. Ұлдары - Алшабеков Бағлан Таңатарұлы, Алшабеков Дастан Таңатарұлы; қызы - Алшабекова Гүлнар Таңатарқызы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>