Тау жыныстарының су өткізгіштігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тау жыныстарының су өткізгіштігі — тау жыныстарының су өткізу қасиеті. Олардың су өткізгіштігі қуыс ерекшелігіне, кеуек мөлшеріне байланысты болады. Су өткізгіштік дәрежесіне қарай барлық тау жыныстары мына төмендегі үш топқа бөлінеді: 1) су өткізгіш; 2) жартылай су өткізгіш; 3) су еткізбейтін. Біріншісіне — малта тастар, қиыршық тастар, құм және жарықшақты тығыз жыныстар; екіншісіне — құмайт лёс, балшықты құм, нашар жарықшақты тасты жыныстар, үшіншісіне — су өткізбейтін балшық, тұтас тас жыныстар жатады.<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref>

Топырақтың және тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті — топырақтың және тау жыныстарының өз қабаттарынан су өткізгіштік қасиеті; бұл қасиет топырақ пен тау жыныстарының тығыздығы мен механикалық құрамына, құрылысына қарай аныкталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тау жыныстарының су өткізгіштігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}