Тау жыныстарының деформациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тау жыныстарының деформациясы – күштің әсерінен тау жыныстары массивіндегі түйіршіктердің салыстырмалы қалпын өзгертуі. Тау жыныстарының деформациясы серпімді, пластикалық және үзілмелі болып бөлінеді. Тау жыныстарының серпімді деформациясы — сыртқы күштің әсер етуі кезінде тау жыныстарының формасы өзгергенімен, күшті алып кеткен кезде олар бұрынғы қалпына қайта келеді. Тау жыныстарының пластикалық деформациясы — сыртқы күштің әсерінен олар өздерінің бастапқы формасын өзгертеді, бірақ қайта қалпына келмейді және үзілмейді. Ал тау жыныстарының үзілмелі деформациясы сыртқы күштің әсерінен тау жыныстарында жарықшақтар пайда болып, оның тұтастығы бұзылады.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}