Тау жыныстарының аэродинамикалық кедергісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тау жыныстарының аэродинамикалық кедергісі — жер асты қазбалары торабымен ауаның жүру барысында оған кездесетін кедергілер. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>. Үйкеліс кедергісі екі түрге бөлінеді: қарсы кедергі және жергілікті кедергі. Ауаның қазба бойымен журу кезіндегі қабырғамен жанасуы нәтижесінде үйкеліс күші пайда болады. Қазбаның қабырға беттері кедір-бұдыр болғандықтан, оның бойымен қозғалатын ауа сол кедір-бұдырға соғылып, қысылып өтуі салдарынан екінші құрамды кедергі күші — қысым күші пайда болады. Әдетте кедір-бұдыр қазба бойымен оның қимасының барлық жерінде бірдей деп қабылдағандықтан екі күш бірдей таралады және қазба қабырға беттерінің барлық жеріне бірдей және бірге әсер етеді деп есептеледі. Шешуші күш шартты түрде үйкеліс күші, ал оған көрсетілетін қарсылық үйкеліс кедергісі деп аталады. Қазбаларда ауаның жүруіне басты кедергі болатын бекітпенің элементтері. Бекітпенің элементтеріне ауа ағыны таянғанда ол кедергіге кездесіп, оның жүрісі баяулаған мезгілде артқы ауа қабаты келіп оған тіреледі де, соның нәтнжесінде, ауа ағынынан өзіне динамикалық қысым қабылдайды. Кедергі қарсылығынан өтіп шыққан ауа бекітпенің артқы жағында құйынды орта жасайды.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала