Татьяна Александровна Шмыгалева
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шмыгалева Татьяна Александровна (27.8.1953 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Новотройцк ауылы) – техника ғылымының докторы (2001), профессор (2003). ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1978 жылдан осы оқу орнында инжинер, аға инжинер, аспирант, орталық бастығы, аға оқытушы, доцент болып істеді. 2009 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Математикалық пішіндеу, сандық әдістер және программалар кешендері» тақырыбында докторлық дисертация қорғады. 200-ге жуық ғылыми жарияланымның, 3 монография, 5 оқу құралының авторы.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>